Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жоғалып кеткен 23 жастағы қыздың мәйіті табылды

Жамбыл облысында жоғалып кеткен 23 жастағы қызды өлтіріп кеткен. Ақпаратты өңірдің полиция департаменті растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қыздың өлімі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.

Полиция жоғалған қызды өлтірген күдіктіні ұстаған.

"2021 жылдың 14 ақпанында Шу аудандық полиция бөліміне Төле би ауылының тұрғыны 23 жастағы қызының жоғалғаны туралы арызданған. Жамбыл облысы ПД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын дереу бастады.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның барысында 29 сәуірде жоғалған қыздың зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті Шу өзенінен табылды. Табылған мәйітті жәбірленушінің туыстары таныды", - деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов.



Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

"Алдын ала тергеу барысында күдіктінің жәбірленушіге пышақ жарақатын салғаны, содан кейін қылмысты жасыру мақсатында денесін Шу өзеніне лақтырғаны анықталды. Қылмыстық іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде",-деп хабарлады полиция генерал-майоры.

Бұған дейін БАҚ-та Жамбыл облысында 23 жастағы қыздың жоғалып кетуі тағы бір оқиғаға айналғаны хабарланған болатын. Іздестіру кезінде құтқару жасағының қызметкері хабар-ошарсыз кеткен.

Талқылау