Жамбыл облысында жазасын өтеп жатқан тұтқын колония қызметкерлеріне шабуыл жасаған
Жамбыл облысында абақтыда жазасын өтеп жатқан сотталушы колония әкімшілігінің қызметкерлеріне шабуыл жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде таңғы тексеру кезінде болған.
"Оқиға салдарынан зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда", – делінген хабарламада.
Қызметкерлерге шабуыл жасаған тұтқын тәртіптік камераға қамалды.
"Бұл факті ақпарат кітабына тіркелді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметтік тексеру тағайындады", – деді министрлік.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді
Қызметкер: "Бізде бәрі осылай істейді" деген сөздер айтылды"
Желіде 69 жастағы қазақстандық әжейдің ұзату тойы талқыға түсті: Ол мұны елу жыл бойы армандаған
Тойда қалыңмал беріліп, киіт ашылып, дәстүрлі жөн-жоралғылар орындалған көрінеді