Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында эвакуацияланған 1200 адам Тараздағы мектептерге орналастырылды

Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысындағы әскери қоймада шыққан өртке байланысты ауылдардан эвакуацияланған 1200 адам мектептерге орналастырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

эвакуация

“Қазіргі таңда Байзақ ауданына қарасты Қайнар, Ботамойнақ, Жібек Жолы ауылы мен Үшбұлақ станциясының тұрғындары шамамен 1200 адам Тараздағы мектептерге орналастарылыды”, – делінген министрлік хабарламасында. 

Ішкі істер министрілігімен тапсырмасымен Жамбыл облысындағы тәртіпті бақылау үшін 300 полиция қызметкері, 47 автоэкипаж және ұлттық гвардияның 520 жауынгері жұмылдырылды.

Оқиғаға байланысты “Тараз-Алматы” тас жолы мен теміржолы уақытша жабылды. 

“Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы өрттің шығуына қатысты ҚР ҚК 462-бабы “Қару-жарақпен, сондай -ақ басқаларға қауіп төндіретін заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзылу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды”, – деп қосты министрлік өкілдері. 

Аймақтағы тәртіпсіздікті болдырмау үшін тұрғындары эвакуацияланған елдімекендер қоршауға алынып, патрульдеу жүргізілуде. 

Талқылау