Гүлді өртеген Тәуекел Мүсілім жұрттан ұрыс естіді (видео)
Тәуекел Мүсілім раушан гүлін өртеп, жұрттан ұрыс естіді. Актердің мұндай қадамға не себепті барғаны белгісіз. Ал желі оқырмандары мұны жаман ырымға балап, Тәуекелге ұрысып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тәуекел раушан гүлін өртеп жатқан сәтін жариялап: "Қалай ойлайсыздар, жалындаған махаббат бола ма?" – деп сұрады.
Көпшілік актердің бұл әрекетін сөгіп, оған ұрысып тастады.
"Гүлді өртеу – жаман ырым", "Отбасыңызда бәрі жақсы ма?", "Гүлді не істедің? Гүл бишара "мені негізі өртемейтін еді ғой" деп қалған шығар", "Гүлге обал", "Көкті жұлма дейтін еді қазақ, мынау өртеп жатыр ғой масқара", "Розаға обал", "Не масқара мынау?" – деп жазды оқырмандар.
Түркістан облысында 17 жастағы қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық лазерлік эпиляциядан рак жасушаларын оятып алғанын айтты: Мұндай жағдай болуы мүмкін бе
Дәрігер: "Лазер термиялық зақым келтіріп, кейде күйдіруі мүмкін"