AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жалған және сандырақ": Ішкі істер министрлігі азаптау жөніндегі ақпараттарға қатысты пікір білдірді

Қылмыстық-атару жүйесі комитетінің басшысы Жанат Ешмағамбетов азаптауға қатысты пікір білдіріп, мұның жалған әрі сандырақ екенін айтты. Оның сөзінше, азаптау камераларының жоқ екенін прокурорлар мен қоғамдық комиссия да нақтылаған. Ал мұндай қауесет таратқандар қылмыстық істердің тергелеуін бұрмалағысы келетіндер екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Жанат

"Қазіргі таңда ақпарат кеңістігінде тергеу изоляторлары қабырғасында азаматтарды азаптап жатқаны жөнінде жалған мәліметтер көптеп тарауда. Бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын, қоғамды жаңылыстырып, шын болған оқиғаны бұрмалау екенін мәлімдейміз. Ашып айтқанда, Алматы изоляторларында орта ғасырлық инквизиция секілді азаптау камерасы бар екені туралы жалған және бос сандырақ тараған", - деді Қылмыстық-атару жүйесі комитетінің басшысы Жанат Ешмағамбетов.

Қаңтар тәртіпсіздіктеріне қатысты деген күдікпен ұсталған 270 адам қолхат негізінде босатылған. Тергеу изоляторларында әлі 728 адам қамауда. Оларды сот санкциясына сәйкес тұтқындаған. Ал қамалғандардың жағдайын қоғамдық комиссия мен адам құқығы бойынша уәкілетті адамдар бақылауда. 

Бұған дейін Бас прокуратура полицейлер тарапынан лауазымын асыра пайдалану жөнінде 200 шағым келіп түскенін хабарлаған. Ішкі істер министрлігіндегілер азаматтардың тұтқындалғанға дейін жарақаттар алғанын айтады. Оларға медициналық көмек көрсетілген. 

"267 адам дене жарақаттарымен түсті. Олардың 33-і қалалық ауруханаларда ем алды. Өзгелері мекемедегі медицина бөлімдерінде емделді. Айта кетейік, олар жаппай тәртіпсіздіктер кезінде, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасау барысында жарақат алған", - деп қосты Жанат Ешмағамбетов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр