Жалақы мен тұрғын үй төлемдерін ұлғайту: Қазақстандық мұғалімдерді өңірлерге қалай таратады
Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Қазақстанда арнайы бағдарлама бойынша үздік педагогтарды өңірлерге тарату жоспарланғанын айтты. Бүгінде оқытушылар Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Алматы өңірлерінде жетіспейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“ Маңғыстау, Атырау, Түркістан Алматы облыстарына үздік педагогтерді тарту үшін арнай ы бағдарлама жүзеге асырылады. Оларға жалақыны көтеріп, тұрғын үйді жалға алу мен комуналдық қызметтерге төлеу сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі”,- деді вице министр.
Білім министрлігі осылайша аталған өңірлердегі білім беру сапасын арттыруды көздейді. 2022 жылы кемінде 70 мың педагогке жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарланған. Бұған дейін өзге өңірлерге жіберілген мұғалімдерге әлеуметтік көмек беру туралы Асхат Аймағанбетов те айтқан болатын.
Енді мұндай педагогтер үшін екі есе жоғары жалақы, тұрғын үй беру немесе пәтер ақысын өтеу мен қоса комуналдық қызметтер төлемін төлеу де қарастырылған.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"