Жүк көлігімен тойға бара жатқан қонақтар жол апатына ұшырап, 21 адам мерт болды
Үндістанда жүк көлігімен тойға бара жатқан қонақтар жол апатына ұшырап, 21 адам оқиға орнында қаза тапқан.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.
14 адам дене жарақатын алып, Сидхи қаласындағы ауруханаға жатқызылыпты.
Оқиға Үндістанның орталығында тапатал түсте болған. 40 шақты адам тойға жету үшін ауыр көліктің жүк тиейтін бөлігіне мінген. Жүргізуші көпірдің үстімен келе жатқанда рөлге ие бола алмай, қоршауды сындырып өзенге құлаған. Алайда көлік суға емес, саяз жерге түсіпті, сондықтан қаза болғандар саны көп.
Оқи отырыңыз:
Telegram секілді Facebook та бұғатталуы мүмкін
Лотереядан екі рет ұтыс ұтқан азамат сәттілігінің себебін түсіндірді
Ұшақта тұрып тұратын орындар пайда болады
Жердің жанынан қаланы жойып жіберетін күші бар үлкен астероид ұшып өтті
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды