Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зайытов: Өмірде актердің рөлін ойнайтын кезім жиі болады

Ринат Зайтов былтырғы сайлауда өзінің саяси ойынның құрбаны болғанын мойындады. Актерлік дипломы болғанымен, өзінің актер емес екенін айтады. Дегенмен, өмірде актердің рөлін сомдауға тура келетін кездер көп дейді. Айтыскер "Димаш - Қытайдың саясаты" деген сөзінен бас тартқан емес. Зайытов Димаш туралы ойын ашып айтты. 

Бұл туралы Зайытов Нартай Аралбайұлымен тікелей эфирдегі сұхбаты кезінде айтты. 

"Мені клоун деп те, сайқымазақ деп те, актер деп те, одан да зорғыны айтатындар көп. Мен талай рет айттым. Мен өзім де алдандым. Мен саяси ойынның құрбаны болдым. Маған 80 жастағы әже екі көзі көрмейтін немересін ертіп келген еді. Өзгеріс болады деп жатырсың ғой. Дауыс беруге келдік деді. Мен соларды естігенде жаным ауырды. Мен өзгерісті қаладым. Мен саясатқа дайындалған, саясатқа келгім келген адам емес едім. Менің орнымда айтатын адам болса, атқаратын адам болса, мен өз жайыммен жүрер едім. Менің актерлік дипломым бар. Бірақ мен актер емеспін. Ал өмірде актер болуға тура келетін кездер болады және жиі болады. Мәселен бір тойда мен жек көретін адам құда болып төрде отырса, мен оны мақтауым керек. Мен оны құрметтеп шақыруым керек. Бұл актерлік", - деді айтыскер. 


Ринат Зайытов: Тоқал алайын десем, ақшам жетпей жүр


Зайытов "Димаш - Қытайдың саясаты" дегенді талай рет айтқан еді. Әлі де ол ойынан айныған емес. Қытайлар Димашты өз пайдасы үшін "Димаш" етті дейді.

"Димаш - Қытайдың саясаты. Қытайдың арманы - Қазақстанды жаулап алу. Қазақстанды жаулап аламыз, сонда Димаш өз әншіміз болып қалады деген мақсат. Қазір елімізде қытай көп. Біздің Аягөзде егін егетін де қытайлар. Басқаны жасайтын да қытайлар жүр. Шет жақтың бәрінде қытайлар тұрып жатыр. Әкем 4 жасында Қытайдан келген. Қытайда туыстарым көп. Мен олардың саясатын жақсы түсінемін. Мүмкін менің осы ойымнан кейін Димаш олардың құрсауына ермей Еуропаға кетті. Димаштың танылғанына, ешкімнің ықпалына көнбегеніне ризамын", - деді айтыскер. 

Зайытов қазаққа қазақтан басқа ешкімнің жаны ашымайды, қазақтың жанашыры қазақ қана деген пікірде. Сондықтан халықты айтаққа ермеуге шақырады. 

"Менің үйде өкінетін, жылайтын, жек көретін кезім көп болады. Бірақ мен сыртқа шыққанда өз елімнің жемқорын да жамандатпаймын. Қазаққа қазақтың ғана жаны ашиды", - деді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр