Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Замира Сұлтан: Менің күйеуім Бүркіт сияқты болу керек

Атышулы Замира Сұлтан ажырасқаннан кейін күйеуге тию оңай емес екенін мойындап отыр. Атышулы бикештің айтуынша, бұл проблема елімізде қыздар санының көп болуына байланысты.

Замира Сұлтан Менің күйеуім Бүркіт сияқты болу керек

Бұл туралы Замира Hit-TV арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Ажырасқаннан кейін байға тию деген оңай емес. Қыздар еркектерден 7 есе көп болғандықтан, олар пәк қыздарды таңдайды. Мен сияқты ажырасқан, екі баласы бар әйелді қайтсін?!” – дейді Замира.

Замира бұған дейін де ресейлік жұлдыз Наташа Королеваның күйеуіне көзі түсіп жүргенін айтқан еді. “Қалаулымның” атышулы қатысушысы болашақ күйеуім соған ұқсау керек деген пікірде.

“Менің жігітім Тарзандай, үлкен денелі, мені ұстай алатын жігіт болу керек. Маған зыпылдап қалған, өзім сияқты жігіттер ұнамайды. Жасым болса 29-да, бір айдан кейін 30-ға толамын. Сондықтан маған 35-36-дағы азамат керек.

Бойдақ емес адамдар жайлы айтсам, менің күйеуім Бүркіт сияқты болу керек. Ол үйленбестен бұрын, оны тыңдайтынмын. Қазір Аиша екеуі күшті жұп. Өмірде де жігітім бар. Ол деген тура Тарзан сияқты. 26 жаста. Оның ойында болса да, менің ойымда жоқ. Өйткені әлі жастау ма деп аяймын”, – дейді Замира.

Тағы оқыңыз: 

Қайрат Нұртас отбасымен бірге киелі Ахмет Яссауи кесенесінде болып қайтты (фото)

Сара Амангелді: КешYou-де жүрген кезде киноға бару үшін директорға жазып, сұранатын едік

Кенжебек: “Музартқа” алғаш келгенде ақтаулықтар белімізге қыстырған 2 мың долларды түгел мен алдым

70 жастағы шалды билеткен Нұржан Керменбаев желіні шулатты (видео)

Талқылау