"Ұйқы нашарлап, есте сақтау қабілеті төмендейді": Ғалымдар желідегі қысқа видеолардың ми қызметіне зиянын айтып, дабыл қақты
Ғалымдар TikTok, Instagram желілеріндегі рилстердің адам организміне үлкен зиян тигізіп жатқанын айтып, дабыл қақты. Қысқа видеолар ең бірінші адам миына шамадан тыс жүк түсіреді екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: freepik.com
NeuroImage (Нэурломедж) сайтының жүргізген зерттеуінде әлеуметтік желідегі қысқа видеоларды шамадан тыс көп қарау адам миына кері әсер ететіні айтылған. Тіпті, әртүрлі психикалық ауру да туғызуы мүмкін.
Сондай-ақ ғалымдар TikTok, Instagram желілеріндегі рилстар нақты бірнәрсеге назар аударып, бастаған істі аяқтай алмайтындай дәрежеге жеткізетінін көрсеткен.
Зерттеуге сәйкес, мұндай видеолардың кесірінен орталық жүйке жүйесі дамылсыз жұмыс істейді. Салдарынан ұйқы нашарлап, есте сақтау қабілеті төмендейді. Бұнымен қоса, қысқа видеоларды сағаттап көру тәуелділікке әкелетіні де ескертілген.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"