"Ұйымдасқан командалық штаб "Қазақстан" қонақүйінің бірінші қабатында болған": Тоқаев Алматыдағы содырлар туралы айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда болған тәртіпсіздікті аса дайындықпен ұйымдасқан содырлар тобының келіп арнайы жоспармен жасағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Арнайы бұзақы топ әскери жаттығулардан өтіп, қаруланған. Оларды мықты күш басқарып, қаржыландырған, оқ-дәрілермен қамтамасыз еткен. Командалық топ штабының Алматыдағы Қазақстан қонақ үйінің бірінші қабатында болғаны туралы анықтадық. Бұған қарап-ақ олардың демеушілері болғаны және алдын-ала дайындалғанын аңғаруға болады.
Көзсіз әрекетке барған бұзақылар есірткі қабылдаған. Соның әсерінен аяусыз болған және қарулы күш әскерлері қарсылық танытып оқ атқан кезде де, әдетте жараланғандар сезетін ауырсынуды сезінбеді. Бұл да арнайы жоспарда болған әрекет екенінің дәлелі”, – деді президент.
"Содырлар мигранттар деген атты жамылып ұшып кетті": Тоқаев Алматыға шабуыл жасағандар туралы айтты
"Оңай" картасының ресейлік "Золотая корона" жүйесімен қандай байланысы бар: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды