Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұялы байланыс операторлары енді қазақстандықтардың деректерін ұлттық статистика бюросына жібереді

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары "Мемлекеттік статистика және деректерді басқару туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

телефон сток

Заң жобасын парламент депутаттары ұсынды.

“Мемлекет басшысы статистикалық ақпаратты қалыптастыру тәсілдерін өзгерту жөнінде бірнеше рет тапсырма берді. Үлкен деректер мен цифрландыру дәуірінде ақпарат жинаудың ескі әдістері өзекті емес. Заң жобасы деректерді басқару және статистикалық ақпаратты қалыптастыру тәсілдерін қайта қарайды", – деді мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Заң статистикалық есеп беруді қысқартуды көздейді. Осы мақсатта "Ұлттық тізілімдер" түсінігі енгізілмек. Олар аумақтар бойынша анықтамалық деректерді қамтиды. Сондай-ақ әкімшілік деректер негізінде жаңартылатын цифрлық статистикалық жүйе құрылады.

"Ақпарат ұлттық статистика бюросына жеке жеткізушілерден де келеді. Олардың қатарында ұялы байланыс операторлары мен монополиялар бар. Олар тараптардың келісімі бойынша деректерді тегін тасымалдайды. Бұл респонденттерге түсетін салмақты азайтып, статистикалық өндіріс процесін цифрландырады", – деп түйіндеді сөзін депутат.

Талқылау