Ыстанбұлдағы терактіні жасаған Қырғызстан азаматы болып шықты
Ыстанбұлдың түнгі клубында лаңкестік әрекет жасаған күдіктінің кім екені белгілі болды. Болжам бойынша шабуыл жасаған Қырғызстан азаматы Яхья Машрапов (Iakhe Mashrapov) болып шықты.

TRT World түркі мемлекеттік телеарнасы күдіктінің атындағы төлқұжаттағы бейнені көрсетті. Құжат 2016 жылғы 21 қазанда Қырғызстан тіркеу қызметімен берілген. Әзірге бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Күш құрылымдары бостандықта жүрген күдіктіні іздестіріп жатыр.
Айта кетейік жаңа жыл күні Ыстамбұлдағы Reina клубында Санта-клаус костюмін кигендер атыс жасап, 39 адам қаза болды. 69 адам жарақаттанды. Бұл терактіні ДАИШ ұйымы өз мойнына алды. Шабуыл жасаған Өзбекстан не Қырғызстан азаматы болуы мүмкін деп күдіктелуде. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іс бойынша 8 адам ұсталды.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.