Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақ жолаушылары орындықтың шынтақ қойғышына таласып, төбелесіп қалды

Ұшақ жолаушылары орындықтың шынтақ қойғышына таласып, артынша төбелесіп қалған. Соның салдарынан әуе кемесі әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

төбелес

Оқиға 11 маусымда Сан-Францискодан Лас-Вегасқа бет ұлған ұшақ бортында орын алған. Екі ер азамат креслоның шынтақ қойғышы үшін сөзге келіспей қалған, олардың жанжалы төбелеске ұласқан. Осыған орай, ұшақ капитаны әуежайға оралуды жөн көрген. 

Әуе кемесі жерге қонған соң, шу шығарған азаматтарды полицейлер ұстап әкеткен. Олардың рейске қайта отырғызылуына рұқсат берілмеген. 

Бұл желі қолданушыларының қызу пікірталасын тудырды. Біреулер орындықтардың шынтақ қойғышын кеңірек жасау керек деген ойын айтса, тағы біреуі ортада отырған жолаушы екі шынтақ қойғышқа қолын қоя алатынын алға тартты. 

"Ұшақ ережесін мынадай: борт өткелі жағында отырған адамға аяғын шығарып отыруға болады, ал терезе жақтағыға керемет көрініс бұйырды. Сол себепті де ортадағы адамның екі шынтақ қойғышқа қолдарын қойып отыруы орынды", – деп жазыпты желі қолданушысы. 

Талқылау