Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 1 шілдеден бастап ұлттық төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанның цифрлық теңгесі пайда болады. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық банк 2021 жылғы қарашада Ұлттық төлем жүйесінің компоненттері – карточкалық транзакцияларды өңдеу үшін төлем карточкаларының банкаралық жүйесін және мобильді онлайн төлемдерге қызмет көрсету үшін лездік төлемдер жүйесін пилоттық режимде іске қосты", - деді Ғалымжан Пірматов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның атап өтуінше, ұлттық төлем жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті нормативтік-құқықтық база әзірленді.

Жүйені толық көлемде іске қосу осы жылғы 1 шілдеге жоспарланып отыр.

"2021 жылы Ұлттық банк цифрлық теңгені енгізу жөніндегі пилоттық жобаға бастамашы болды. Қазіргі уақытта платформаның прототипін әзірлеу аяқталды. 2021 жылғы желтоқсанда пилоттық жобаның нәтижесі бойынша қорытынды баяндама жарияланды. Биыл пайда мен шығасыларды бағалай отырып, цифрлық теңгені енгізу моделі бойынша қорытынды шешім әзірленетін болады", - деді ҰБ төрағасы.

Сондай-ақ министр ұлттық банк басшысы ел экономикасының биылғы өсімін 3,9-4,2 пайыз деңгейінде болжап отыр. 

"Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша, 2021 жылы жаһандық ішкі жалпы өнімнің өсу қарқыны 40 жылдан астам уақыт ішінде ең жылдам болып, 5,9 пайызды құрады. 2022 жылы экономиканың қалпына келуі жалғасады. Бірақ өсу қарқыны төмендеп, Халықаралық валюта қорының болжамдары бойынша 4,4 пайызды құрайды. Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша, Қазақстан экономикасы 2022 жылы 3,7-4,0 пайызға өседі, Ұлттық банк оны 3,9-4,2 пайыз деңгейінде болжап отыр", - деді ол.

Талқылау