ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу басталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тест орталығының директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, биыл тіркелу тәртібіне өзгеріс енгізіліп отыр. Бұрын талапкерлер тест тапсыруға бірден екі мүмкіндікке тіркелсе, осы жолы әрбір тіркелудің өз кезеңі болады.
"Биыл 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында бірінші мүмкіндікке тіркеледі. Ал 6-14 мамыр аралығында екінші мүмкіндік беріледі. Осылайша, талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады. Биылғы түлектер үшін тегін, ал былтырғы түлектер тестті ақылы түрде тапсырады", - дейді Емелбаев.
Айта кетері, ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді.
Еске салсақ, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілетін өзгерістер туралы айтты.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"