Әйел сүйіктісін түрмеден шабаданға тығып алып шықпақшы болған
Венесуэлада 25 жастағы Антониета Роблес Сауда есімді қыз түрмедегі сүйіктісіне кездесу үшін 6 жасар қызымен бірге келген.

Бұл туралы New York Post хабарлайды.
Шығар кезде күзетшілер шабаданды ашуды сұраған. Нәтижесінде ішінен қыздың ойыншықтарымен бірге сотталушы Хосе Антонио Ансотеги де табылған.
Көлік ұрлағаны үшін 10 жылға сотталған ер адамды күзетшілер қайтадан түрмеге жіберіп, әйелді тұтқынға алған. Ал кішкентай қызы әлеуметтік қызмет өкілдерінің қолында.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады