Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Василий Левитке Олимпиаданың “алтын” медалі табыс етілді

Астанада VI жыл сайынғы “Халық сүйіктісі” ұлттық сыйлығын табыс ету шарасында Рио Олимпиадасында күміс жүлде алған қазақстандық боксшы Василий Левитке Олимпиада ойындары алтын медалінің көшірмесі табыс етілді.

btt_62942

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бразилияда өткен Олимпиадада Василий Левит финалда ресейлік боксшы Тищенкоға жол берген болатын. Алайда төрешілердің шешіміне xалық үлкен наразылық танытты. Әлеуметтік желілерде аталмыш әділетсіздік туралы талқылаулар ұзақ уақыттарға жалғасты. Сол кезде “Халық сүйіктісі” сыйлығының ұйымдастырушысы Ғалым Байтұқ боксшы Василий Левитке Олимпиада алтын медалінің көшірмесін жасату үшін xалықпен бірге қаражат жинауға кіріскен болатын.

Енді міне бүгін бұл медаль xалықтың спортшыға деген зор ықыласы ретінде салтанатты жағдайда табыс етілді. “Әрине, осынау қамқорлықтың барына, xалық қолдауының барына өте қуаныштымын. Бір жағынан бұл үлкен жауапкершілік, мен бұл медальді алда әлі ақтау керек деп санаймын”, – деді Василий Левит.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық ауыр атлет Пекин олимпиадасының “чемпионы” атанды

Головкин жекпе-жек алдындағы секс туралы айтып берді

Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

Головкин жекпе-жек алдындағы секс туралы айтып берді

Талқылау