Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцина салдырған келіншек лотереядан миллион доллар ұтып алды

АҚШ-тың Огайо штатында вакцинацияланғандар арасында ойнатылған лотереяның алғашқы жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NBC News басылымына сілтеме жасап. 

Сильвертоннан шыққан Эбигей Бугенске бір миллион доллар ұтып алды. Ал Энглвудтен келген мектеп оқушысы Джозеф Костелло болашақта жоғарғы оқу орнында оқуға грант жеңіп алған. 

Стипендия штаттың кез келген университетінде немесе колледжінде оқу ақысын, сондай-ақ төрт жыл бойғы бөлме мен тамақтану ақысын төлейтіні атап өтілген.

Губернатор Майк Девайн атап өткендей, кейбіреулер бұл идеяны қолдамаған.  Олар лоторея "ақшаны ысырап ету" деп есептейді. Мұндай хабарламадан кейін штатта вакцина салдыруға ниеттенгендердің саны артқан. Вакцина салдырғандар саны 28 пайызға өскен.

Vax-a-Million лотереясын Devine компаниясы COVID-19 вакцинасын насихаттау мақсатында бастаған. Кем дегенде бір вакцина алғандар автоматты түрде қатысушылар тізіміне енгізіледі. Жеңімпаздар 23 маусымға дейін әр сәрсенбіде анықталады.

Барлығы он адам сыйлық алады. Бес ересек және бес жасөспірім. Осындай лотереялар Нью-Йорк пен Мэриленд штаттарында да басталды. Нью-Джерси және Коннектикут штаттарында билік сыра зауыттарымен келісімге келді. Жақында вакцина алған кез келген тұрғын тегін сусын алуға құқылы болады.

Талқылау