"Үйге келгенде ұлымның жүгіріп шыққанын қалаймын": Әскери қызметкер баласының емі үшін қазақстандықтардан көмек сұрайды
Әлеуметтік желіде 20 күннен кейін отбасымен қауышқан әскери қызметкердің видеосы тараған еді. Елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Ербол Ануарұлы жұмыста қалуға мәжбүр болған. Әскери қызметкердің үш ұлы. Алайда кіші ұлы жұлын бұлшықетінің атрофиясына шалдыққан. Ол ұлының өмірін сақтап қалу үшін қазақстандықтардан көмек сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Видеодан әкесінің алдынан екі ұлының жүгіріп шыққанын көруге болады. Ал келесі бөлмеде әкесіне қарай кіші ұлы еңбектеп келеді. Бұл – Ануардың кіші ұлы Нұртас. Балақай жұлын бұлшықетінің атрофиясы дертіне шалдыққан. Егер ауруды тезірек емдемесе, нәтижесі қайғылы болуы мүмкін екенін айтады.
Ауруды толығымен емдеу үшін қомақты қаржы қажет. Алайда 1 млрд теңгені қалтамыз көтермейді деген отбасы қазақстандықтардан көмек сұрады.
Ербол әскери бөлімде көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Алайда қаржы жеткіліксіз дейді ол.
"Нұртас үйге келгенде алдымнан жүгіріп шыққанын армандаймын. Балама қарасам, жүрегім елжірейді. Жалғыз арманым – баламның дені сау екенін көру", – дейді Ербол Ануарұлы.
Байланыс нөмірі:
8 771 405 64 78
700 мың теңге бопсалады деген блогер полицияны үш рет жазықсыз түрмеге қамады деп айыптады
Блогер: "2021 жылы 3 ай 21 күнге, 2023 жылы 2 айға, 2024 жылы 1 жыл 6 айға қамалдым"
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген