Үш күн ішінде "Жұмысшы мамандықтар қаласы" республикалық фестиваліне 20 000 адам қатысты
"EXPO" ХKО-да "Жұмысшы мамандықтар қаласы" фестивалінің үшінші күні аяқталды, іс-шара ақпанның 15 жұлдызына дейін жалғасады. Фестиваль Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтуде.
Фестиваль алаңында сегіз тақырыптық көше ашылды. Олар: тау-кен және металлургия, көлік жасаушылар, энергетиктер мен мұнайшылар, аграршылар мен сушылар, құрылысшылар, болашақ мамандықтары, сондай-ақ құтқарушылар, өрт сөндірушілер, медицина және т.б. мамандықтарға арналған бұрыштар. Сонымен қатар, іс-шара аумағында кәсіби дамудың түрлі салалары мен бағыттарын көрсететін 40 шығармашылық үй ұсынылған. Фестивальге еліміздің 38 кәсіби колледджі қатысуда.
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, тау-кен, металлургия, мұнай-газ, құрылыс, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа салаларға маман даярлау үдерісімен танысты. Сондай-ақ Президентке еңбек нарығындағы сұранысқа және әр өңірдің ерекшелігіне қарай кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарын трансформациялау мысалдары баяндалды. Президент атом электр стансасы секілді ірі жобаларды жүзеге асыру қарсаңында сапалы білім мен кәсіби дағдыны меңгерген мамандар өте қажет екенін айтты.
Алаңда күн сайын жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін тақырыптық шеберлік сыныптары, семинарлар мен интерактивтер өтеді. Үш күн ішінде іс-шараға 20 000 көрермен келіп, өздерін локомотив жүргізушілері, ұшқыштар, құтқарушылар, дәнекерлеушілер, металлургтер, механиктер, орманшылар, өрт сөндірушілер, энергетиктер рөлінде сынап көрді. Осы іс-шара үшін арнайы дайындалған тренажерлер, сынақтар, макеттер болашақ мамандарға әр мамандықтың ерекшеліктерін толық көрсетуге мүмкіндік берді.
Бүгін "Атом саласына арналған жұмыс кадрлары: жаңа уақыттағы сұраныстар мен сын-қатерлер" тақырыбында панельдік сессия өтті. Сондай-ақ, блогер, химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсеновтың "Атом энергиясы" атты ғылыми эксперименті ұйымдастырылды.
Фестиваль ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі.
Ресми серіктестер: ERG, "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС, Құс өндірушілер одағы, Qarmet, EcoCulture – Eurasia, Allur, НАК "Казатомпром", АҚ "Ұлттық тау кен компаниясы "Тау-Кен Самырұқ", АҚ "Қазақстан темір жолы", АҚ "Халықаралық әуежай", "Казаэронавигация", АҚ "Air Astana", АҚ "Авиакомпании SCAT", ЖШС "Automatic system", Қазақстан автокөлік одағы, АҚ "ҚазМұнайГаз", АҚ "QazaqGaz", AҚ "KEGOC", AҚ "SamrukEnergy", ЖШС "Eurasia Agro Semey", "Жұмыртқа өндірушілер ассоцияциясы", Республикалық сүт және аралас тұқымдар палатасы, BI Global, ЖШС "НҰР АСТАНА ҚҰРЫЛЫС", ЖШС "Барка" (Sardar Group), "Қазақстан жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы", Integra Construction KZ, "Қазақстан жолшылар қауымдастығы", АҚ "КаздорНИИ", АҚ "Казахтуризм", АҚ "НИТ", АҚ "Қазақтелеком", АҚ "Ғарыш Сапар", АҚ "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы", АҚ "Қазпочта", China Energy, және басқалар.
Фестивальге кіру тегін.
Мекен-жайы: "EXPO" халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік ел даңғылы, 53/1.