Ғалымдар: Үш елге жер бетінен жоғалып кету қаупі төніп тұр
Тынық мұхитының кейбір аралдары, соның ішінде Кирибати, Тувалу және Маршалл аралдары жаһандық жылынудың салдарынан жер бетінен жоғалып кетуі мүмкін. Кирибатидегі Climate Action Network экологиялық үкіметтік емес ұйымдарының жаһандық желісінің үйлестірушісі Пелениза Алофа осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маман жаһандық жылыну мұздықтардың еруіне және соның салдарынан теңіз деңгейінің көтерілуіне себеп болатынын айтты. Бұл өз кезегінде аралдарды толықтай су басуына және тропикалық дауылдардың күшеюіне әкелуі мүмкін.
"Біз бір реттік оқиғалар туралы айтып отырған жоқпыз. Бұл жерде біздің үйлерімізді толығымен шарпып кету қаупін тудыратын табиғи құбылыс туралы сөз болып отыр", – дейді Express сарапшысы.
Осы орайда Пелениза Алофа Шотландияның Глазго қаласында өткен БҰҰ саммиті бүкіл әлем үшін аса маңызды оқиға екенін айтты.
Еске салайық, әлемдік климаттық конференция 31 қазанда басталып, 12 қарашаға дейін жалғасады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды