Университеттегі қанды оқиға туралы жиын өткен: Пермь тергеу комитетінің басшысы өз-өзіне қол жұмсады
Пермь өлкесіндегі Ресейдің тергеу комитеті басқармасын басқарған полковник Сергей Сарапульцев өзінің үйінде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Басылымның мәліметінше, 23 қыркүйек күні ҰҚК аймақтық бөлімшесінде Пермь мемлекеттік университетіндегі қарулы шабуыл туралы қылмыстық істі тергеу бойынша жиналыс өткенін атап өтті.
Айта кетсек, Пермь мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті өзі оқитын білім ордасына қару әкеліп, адамдарға оқ жаудырған. Салдарынан алты адам көз жұмып (бұған дейін 8 адамның қаза болғаны айтылған еді), тағы 24-і жарақат алды. Кейбір деректерге сенсек, қаскөй жансақтау бөлімінде жатыр.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды