Үндістанда барыс ер адамды үйінде жатқан жерінен жеп тастады
Үндістанның Раджастхан штатында барыс ер адамды өз үйінде шайнап жеп тастады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Times of India басылымына сілтеме жасап.

Шырт ұйқыда жатқан үй қожайынын мойнынан қыршыған жыртқыш оны далаға сүйреп алып шыққан.
Ер адамның жанұшыра айғайлаған дауысын естіген туыстары оның артынан орманға қарай қуалай жөнелген. Алайда, сол уақытқа дейін барыс марқұмның бір аяғын жеп үлгеріпті. Адамдар келгенше ол қашып кеткен.
Бұл қайғылы оқиғадан кейін жергілікті тұрғындар биліктен барысты ұстауды талап етті. Қазіргі уақытта жыртқыштан сақтанған халық оған тұзақ құрып отыр.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"