Үндістанда белгісіз ұшатын нысанға байланысты әуежайды жауып, аспанға әскери ұшақтарды көтерген
Үндістанның әскери-әуе күштері әуежай маңында белгісіз ұшатын нысанды (НЛО) байқағаннан кейін екі әскери ұшағын әуеге ұшырған. Оқиға 19 қарашада болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Independent басылымына сілтеме жасап.

Видеодан жасалған скрин
Жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:30-да солтүстік-шығыс Манипур штатынан НЛО байқалғаны туралы хабарланғаннан кейін қауіпсіздік күштері ескерту жасаған.
Үндістанның әскери-әуе күштері штат астанасы Импхалдағы Бир Тикендраджит халықаралық әуежайындағы рейстерді бірнеше сағатқа тоқтатқан.
- Қытайдағы мұсылман белсенділер мешіттердің жаппай жабылып жатқанына наразы
- "Газа деген жер енді мүлде жоқ" – Ердоған Германия канцлеріне мәлімдеме жасады
Үндістанның федералдық полиция агенттіктерінің бірінің өкілі нысанның көзге “анық көрінгенін” айтқан.
“Әуе күштері Импхал әуежайының визуалды сигналдары негізінде әуе шабуылына қарсы әрекет ету механизмін іске қосты. Осыдан кейін кішкентай объект жоғалып кетті”, – делінген ведомство өкілдерінің мәлімдемесінде.
Үндістан билігі НЛО-ны көруге қатысты тергеудің нақты мәліметтерін әзірге жарияламады.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты