70 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді
Үндістанның Гуджарат штатында тұратын 70 жастағы Дживунбен Рабари алғаш рет ана атанды. Егде жасқа келіп қалған ерлі-зайыптылар көп жылдан бері бала сүйе алмай келген. Жұп бұл арманына заманауи технологиялардың арқасында биыл ғана жетіп отыр.

Әйелдің ешқандай құжаты жоқ. Өзінің айтуы бойынша, жасы 70-те. Күйеуімен 45 жыл отасқан. Балалы болуға қанша ниеттенгенімен, тек қартайған шақтарында ЭКО-ның көмегімен бұл мақсаттарына жетті.
Дәрігер Нареш Бханушалидің айтуынша, аурухана қызметкерлері оларға мұндай жаста балалы болудың қажеті жоқ екенін ескерткен. Алайда қариялар тыңдамаған.

"Туыстарымыздың ішінде де мұндай жағдай жиі кездеседі. Менің тәжірибемде ең сирек кездескен жағдай", – деп атап өтті дәрігер.
Астанада ер адам жолға таласып, әйелді соққыға жыққан: Ол ауруханадан бір-ақ шықты
Әйелдің сіңлісі ер адамның тиісті жауапкершілікке тартылуын талап етті.
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді
Тұрғын: "Неге қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін есептегіштердің құнын тұтынушылар өз қалтасынан төлеуі керек?"