Үндістан мен Пәкістан қақтығысы: Екі елдегі қазақстандықтар әзірге эвакуацияланбайды

Фото: pixabay.com
Сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістанның әскери қақтығысы аясында қазақстандықтардың эвакуацияланбайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтарды әлі эвакуациялау жоспарланбағанын алға тартты.
“Екі елде де біздің азаматтарымыз бар. Менің білуімше, Пәкістанда Үндістанға қарағанда көбірек. Бұл – біз білетін, консулдық есепте тұрған азаматтар. Қазір толыққанды соғыс жоқ, тек шекара аумақтарына жеке соққылар бар. Сондықтан қазір эвакуация туралы мәселе туындамайды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Үндістан мен Пәкістан арасындағы шабуыл соққылары кезінде аспанда 57 коммерциялық ұшақ болғаны туралы хабарлаған еді. Олардың арасында Сауд Арабиясы, Катар, БАӘ, Таиланд, Оңтүстік Корея және Қытай авиакомпанияларының ұшақтары болған.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр