Ұлықпан Жолдасов: Еңбегіңді елеп атақ беріп жатса кім жек көрсін!
Биыл әнші, компазитор әрі продюсер Ұлықпан Жолдасовтың да сахнада өнер көрсеткеніне 30 жыл толған. Шоу-бизнесте талай әншінің бағын ашып, жұлдызын жаққан да осы өнер иесі. Жақында Астана қаласында 35 әншінің басын қосып дүркіретіп жеке кеш берген өнер саңлағы енді Алматыда Республика сарайында мерейтойын атап өтуді жөн санапты.

Сурет astana-akshamy.kz
“Елу жасқа келгенше 200-ден де аса ән жазып тастаппын. Өзім де айтуға ұяламын. Баяғыдан бері келе жатқан әндерім ғой, біразы айтылды уақыт жетпеді”, – дейді компазитор 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасына берген сұхбатында.
Дегенмен, Ұлықпан бар ғұмырын сахнаға арнап келе жатса да, әлі күнге дейін атаққа қол жеткізбепті.
“Керек деп айтады, бірақ одан бағаңда өсіп кетіп жатқан жоқ. Бірақ еңбегіңді елеп, беріп жатса, кім жаман көрсін”, – дейді Жолдасов.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады