Ұлттық банк теңгені сақтау үшін айына 146 миллион доллар жұмсаған
Ұлттық банк теңге курсын қалыпта ұстап тұру үшін өткен айда 146 миллион долларға жуық ақша жұмсапты, деп хабаралйды КТК арнасының сайты.

Бұл қаржы тілімен «валюлатық интервенция» деп аталады.
«Тамыз айының алғашқы күндерінде теңге курсының ауытқуы шілде айының соңындағы мұнай бағасының төмендеуімен байланысты. Шетелдік валютаның нетто-сатылым көлемі 146 млн долларды құрайды».
Жалпы айтқанда, соңғы айларда Ұлттық банктің үлесі шынында да аз болған. Ол тек 5 пайызды ғана құрайды. Сарапшылар валюта нарығындағы бұл жағдайды тұрақты деп санайды. Тамыз айында теңге 3 пайызға дейін қайта күшіне енді.
Жіберіп алмаңыз:
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады