“Үлкен балалар әлімжеттік көрсеткен”: Ақтөбе облысында оқушының өліміне қатысты бас прокурор мәлімдеме жасады
Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысының көз жұмуына қатысты бас прокурор мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: obozvrn.ru
Бас прокурор Берік Асылов жағдайды жеке бақылауына алғанын атап өтті.
"Ақтөбе облысы Қопа кентінде оқушының қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысын жеке бақылауыма алдым. Бұл жағдай тәрбие берудегі кемшіліктерге байланысты орын алған, нәтижесінде жасы үлкен балалар кішілерге әлімжеттік жасап, бірін-бірін ұруға мәжбүрлеген”, – делінген бас прокурордың жазбасында.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында жасөспірімдер арасындағы жанжалда 9-сынып оқушысы көз жұмғаны туралы жазған едік. Полицияның мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы төбелес 2 қыркүйек күні түнде Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылында болған.
Оқиғаға қатысты ауыл мектебінің 18 оқушысынан жауап алынып, 2 адам күдікті ретінде қамауға алынған.
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады
Алматыда Непалдағы ауқымды сел тасқыны қайталануы мүмкін бе: Сарапшылар қауіпті бағалады
Сарапшы Ақсай бөгеті құрылысының тоқтап қалғанына алаңдаулы