Әлем чемпионаты матчында ЛГБТ туын жамылып, алаңға жүгіріп шыққан белсенді жазаланды
Әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші туры Португалия мен Уругвай құрамалары арасындағы матчта алаңға жүгіріп шыққан италиялық белсенді Марио Ферри жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euro-football сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жанкүйерді стадионнан алып шығып, бөлімшеге апарған. Қазіргі уақытта ер адам босатылды. Оған 2022 жылғы әлем чемпионатының қалған матчтарына қатысуға тыйым салынды.
Ферри кездесудің 51-минутында алаңға жүгіріп шыққан. Оның қолында ЛГБТ қауымдастығының кемпірқосақ түсті туы болды. Сонымен қоса италиялықтың жейдесінде "Украинаны құтқарыңыздар" және "Ирандық әйелдерге құрмет" деп жазылған.
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді
Оқу жылы басталып, оқулықтардың жағдайына қатысты шағымдар көбейді
Астанада қыз 10-қабаттан секіріп кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр
Астанада 10-қабаттан секірген арудың достары телефонға мүлдем жауап бермейді

