Үкіметте қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын алуға тыйым салу жайлы айтылды
Вице-министр Тамара Дүйсенова Қазақстан азаматтарына зейнетақы жинақтарын алуға тыйым салуды қолдай ма, жоқ па, қажет есеп-қисап жасалған соң белгілі болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Премьер-министрдің орынбасары мәселені актуарлық есептерді көріп, әр қазақстандықтың жеткілікті жинақтары барына көз жеткізгенде ғана қолдайтынын айтты.
“Меніңше, адамның зейнетке шыққанда ең төменгі мөлшерде зейнетақы алып, кейін атаулы әлеуметтік көмек сұрап келуі дұрыс емес. Сондықтан енді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры актуарлық есептеулер жүргізуі керек. Сонда ғана “қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын алуға тыйым салына ма?” деген сұраққа жауап беруге болады”, – дейді Тамара Дүйсенова.
Бұған дейін вице-министр елімізде зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендету туралы петицияға қатысты пікір білдірген еді.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?