Uber қызметкері алғашқы жұмыс күнінде-ақ жыныстық бопсалауға ұшырағанын айтты
Компаниядан желтоқсан айында шығып кеткен қыз өз блогында жыныстық бопсалауға ұшырағанын және оған қатысты басшылықтың назар аудармағанын мәлімдеген.

Сьюзан Фаулердің айтуынша, оған алғашқы жұмыс күні-ақ компанияның бір қызметкері дөрекі ұсыныс жасаған. Ол смс-хабарламаның бірден скриншотын жасап алады.
“Мен олар бұл жағдайды реттейтін шығар деп күттім. Өкінішке қарай, бәрі басқаша болды”, – дейді ол.
Қызметкер келесі айларда басқа да қыз-келіншектермен танысқанын, олардың компанияда жұмыс істеп жүріп жыныстық мәндегі оқиғаларға кез болғанын естігенін айтады. Бір қызығы, әйелдердің барлығында төсек қатынасына шақырған сол компаниядағы бір адам екен.
Uber басшысы Трэвис Каланик аталған жағдайды зерттеуге тапсырма берген.
Алматылықтар үй сыртындағы "тарихи тақталарды" алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"