Уәлибек Әбдрайымов: Қайрат Нұртасты тойға шақырған адам - ақымақ
Шаншар театрының директоры, актер Уәлибек Әбдрайымов қазіргі әншілерді сынға алды. Тойдан табыс табуды әдетке айналдырғандарды ақымақтыққа балады.

Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтылды.
Театр басшының айтуынша, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Әбдіжаппар Әлқожа сынды бір сұрыптағы әншілерді тойға шақырғандардың өзі ақымақ. Мұның себебін былай түсіндіреді.
"Аталған әншілер, ондайлар көбейіп кетті ғой, тойға барады да қаншама қаражатқа жанды дауысты ән айтпай, аузын жыбырлатып кетеді. Оған осы үшін сонша ақша беріп отырған байшыкештер де ақымақ. Әншілер онымен қоса біреу өлтіріп кететіндей, адамдарын ертіп жүреді. Оның дискісін қоятын бөлек адамы жүреді. Тойда дискіні салатын адам табылмай ма?", - дейді Әбдірайымов.
Айта кетейік, бұған дейін Қайраттың анасы Уәлибек Әбдірайымовпен болған даудың себебін түсіндіріп, мән-жайды баяндаған еді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"