Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Уәлибек Әбдірайымов: Жоғарыдағы бір кісіні сахнада сынағанымда адамдары ескерту жасады, енді сынамаймын

Шаншар театрының директоры, әзілкеш, актер Уәлибек Әбдірайымов сахна мәдениеті мен сахнаның әдебі жайлы айтты. Талай рет шенеуніктердің атын атап, түсін түстеген әзілкеш бұдан былай лауазымды тұлғаларды сынамайтынын айтты. Оның өз себебі бар. 

Уәлибек Әбдірайымов Нартай Аралбайұлымен желідегі тікелей эфирге шықты.

"Сатира - әзіл арқылы, ащыны да, жеңілді де халыққа жеткізу. Маған неге ауыр сын айтпайсыз деп жатады. Мен талай рет депутатты да, министрді де, бәрін сынағанмын. Концерттерімізді көрсеңіздер, атын атап тұрып сын айтқаным бар. Ол үшін сотталып кетуіме болар еді. Бір кезде лауазымды тұлғаға ауыр сын айттым. Ертесі адамдары келіп, екінші рет ол туралы айтпай-ақ қойыңыз деді. Мен жоғарыдағы адамдардың атын атауға болмайтынын түсіндім. Себебі сахнада олай айтылмайды. Сахна мәдениеті деген басқа. Жалпылама айтуға болады. Бірақ адамның жеке басына қатысты айтпайтын болдым. Себебі біз театрмыз. Біздің жұмысымыз біреуді сынау емес. Біз актермыз. Жоғарыдағыларды журналистер сынау керек", - деді әзілкеш. 


Уәлибек: Биліктегілер қанша адам өлетінін біледі екен, неге аты-жөнімен айта салмайды, дайын жүретін едік


Алайда әріптес інілерімді, әншілерді, жастарды сынға алатын жөнім бар дейді Уәлибек мырза. 

Айта кетейік, Уәлибек Әбдірайымов бұған дейін Нұрлан Қоянбаевты, Нұртас Адамбайдың түсірген киноларын сынға алды. Одан бөлек Қайрат Нұртасты жанды дауысты ән айтпағаны үшін сын тақты.  

"Мен әріптес інілеріме, қазіргі кино түсіріп жүрген қыздарға, Баян Мақсатқызына, басқаларға өз ойымды айттым. Кино ол - идеология. Сондықтан тәрбие мәселесін ойлау керек. Ал әншілер жанды дауысты ән айту керек. Тыңдарманы жанды дауысты талап ету керек. Бұл ретте мен өз ойымды ашық айта аламын. Себебі біз өнердегі адамдармыз. Батыста фонограмма тұрпайы мәдениетсіздік саналады. Тіпті, ешкім тыңдамайды. Ал Қытайда жанды дауыста ән айтпаған әншіні соттап жібереді. Бізде неге олай емес?", - деді Уәлибек мырза.

Уәлибек мырза екі ұлының бірі прокуратурада, бірі сотта жұмыс істеп жатқанын айтты. Бір ұлы Германияда бизнес саласын меңгеріп жатыр. 

"Бұл патриот емес деген сөз емес. Екі ұлым бар Қазақстанда, өз отанында жұмыс істеп жатқан. Қазір шетелде оқу басқа қалада оқығанмен бірдей болып қалды ғой. Сондықтан оған қадалудың керегі жоқ", - деді актер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр