Уәдесін орындамақ болған әйел мүгедек сегіз баланы асырап алды
Дағыстан тұрғыны Мадинат Шахбулатова 8 мүгедек баланы асырап алды.

Ол өзі ұлының аман қалғаны үшін құдайға тәубе етіп, осындай қадамға барған.
Бірнеше жыл бұрын ұлы Рамазан арнайы операция кезінде ауыр жарақаттанып, өмір үшін күреседі. Сол кезде Мадинат осыдан балам аман қалса, ата-анасы тастап кеткен балаларды асырап алам деп құдайға жалынады. Ұлы жарты жыл ауруханада жатып емделіп шықты.
Сондықтан анасы алдымен үш баланы, кейін бес баланы асырап алды. Олардың бәрі мүмкіншілігі шектеулі жандар.

“Анам осылай серт берді, сонықтан оны орындағанын дұрыс деп санаймын”, – дейді ұлы.
Тағы да оқыңыз:
Елдің сынына қалған Жан Ахмадиев пен Төреғали ерекше сыйлық алды
36 миллион теңгеге пәтер алған қазақстандық баспанасына кіре алмай қалды: Бұрынғы иесі ақшаны алаяқтарға беріп қойған
Пәтердің бұрынғы иесі алаяқтарға алданғаннан кейін баспананы босатудан бас тартқан
Астаналық салон қызметкері массаж кезінде әйелдің аяғын сындырған
Тексеру барысында салонның медициналық лицензиясы жоқ екені анықталды