Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұрмысқа дейін тұрған үйіне қайтып келген": Өзіне қол жұмсаған оралдық келіншек туралы куәгерлер айтты

Өз-өзіне қол жұмсаған Орал қаласының тұрғыны жайлы куәгерлер айтып берді. Екі баланың анасы 10-қабаттан секіріп, бақилық болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

Ешқандай айғай естімегендерін, тек жерге құлаған кездегі дыбыс естілгенін айтады. Қайғылы оқиға орнына жедел жеткен үй тұрғындары марқұмнан көршісін таныған. Адамдардың сөзінше, бірнеше жыл бұрын бұл қыз осы жерде пәтер жалдап тұрған. Осылайша, ол осы жерден тұрмысқа шыққан. Отбасыны ел жағдайы жаман болмаған деп біледі.

Келіншектің бұрынғы мекенжайына қайтып оралуына не түрткі болғаны, оның жантүршігерлік қадамға баруына не әсер еткені белгісіз.

“Оның қасында сынған телефоны, иығында сөмкесі, жанында көзілдірік және көзге тамызатын тамшылар жатты. Сөмкесінде де көз тамшылары болды.

Оның артында 4 жастағы ұлы және бір жарым жастағы қызы қалды.

Марқұм 24 жаста болған. Мәйіт сот-медициналық сараптамадан өту үшін мәйітханаға жіберілді. Бұл факт суицид ретінде тіркелді. Полиция қызды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген кім екенін анықтауда.

“Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды”, – дейді БҚО ПД өкілі Дариға Мәжітова.

 

Талқылау