AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғындар Талғар қаласының әкімі етіп сайлаған Қайрат Исабаев қызметінен кетті

Алматы облысында тұрғындар сайлаған Талғар қаласының әкімі Қайрат Исабаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шенеуніктің қызметінен кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Талғар ауданы әкімдігі бұл дерекке пікір білдіре алмайтындарын айтып, ол жөнінде жергілікті сайлау комиссиясынан сұрау керектігін айтты. 

"Аудан әкімдігінің бұл жағдайға қатысты пікір білдіруге құқығы жоқ, өйткені Қайрат Исабаев халық дауысы арқылы сайланған. Сондықтан Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясына өтініш жолдауыңызды сұраймыз", – деді әкімдіктегілер.

Бұл ретте сайлау комиссиясының төрағасы Мұхит Дүйсебаев бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Кеше, 5 сәуірде Қайрат Исабаев өз өтініші бойынша қызметінен кету туралы арыз жазды. Ол денсаулық жағдайына байланысты осындай шешім қабылдаған. Оның өкілетін тоқтату туралы шешім бүгін, 6 сәуірде шығады", –  деді Дүйсенбаев Talgarnewskz-ке. 

Еске сала кетсек, былтыр қарашада өткен қала әкімін сайлауда Қайрат Исабаев жеңіске жеткен болатын. Тұрғындардың 58 пайызы сайлауға қатысқан. Оның ішінде Исабаев 53,5 пайыз дауысқа ие болды. Әкім лауазымына барлығы үш адам үміткер болып тіркелген. 

Қайрат Исабаев –  дәрігер-хирург. Қала әкімі сайлауында жеңіске жеткенге дейін Қызылқайрат ауылының дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі, Талғар орталық аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Аудандық мәслихаттың үш шақырылымының депутаты болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр