"Тұнған боғауыз". Қанат Айтбаев отандық киноны сынға алды
Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев бейәдеп сөздерге толы кино туындылардың қатары көбейгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar
Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
“Кейінгі кезде түсірілген фильмдердің көпшілігіндегі диалогтар тұнған боғауыз. Youtube арнасына жүктелген бейәдеп тілді кинолардың қаралымы миллиондап саналады. Өкініштісі, бұл "өнімдерге" танымал театр, кино актерлерінің де түсіп, өскелең ұрпақтың санасын улап, жастарды әдеп пен ибадан қашықтатуға барынша "үлес" қосып жүргендерін көріп жүрміз”, – деп жазды Қанат Айтбаев.
Сондай-ақ, ол аталмыш киноларға айыппұл салуды ұсынды.
“Кино ең мықты идеологиялық құрал. Фильм арқылы адамның санасын асқақтатып, рухани байытуға да, азғындатып, құлдыратуға да болады.
Өте үлкен көлемде айыппұл салып, қатаң жазалауды осы саладан бастау керек”, – делінген жазбада.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған