Тыңдармандары Қайрат Нұртастың әкесі қырғыз екенін айтып жатыр
Елімізге ең танымал әншілердің бірі Қайрат Нұртас ырымшыл болып шықты. Ол қазақтың салт-дәстүріне сай өзіне ұсынылған қой басынан бас тартып, әкесі тірі тұрғанда барларға малдың бұл мүшесін ұстауға болмайтындығын айтқан.

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова кешкілік ас кезінде баласына қойдың басын ұсынған. Алайда Қайрат Нұртас “Әкесі барларға бас ұстауға болмайды” деп бас тартқан.

Желі қолданушылары анасының баласына бас ұсынуын әкесінің қырғыз екендігімен байланыстырды. Қырғыз халқында әкесінің бар екеніне қарамастан, балаларына малдың басын мүжуге рұқсат берілетін көрінеді. Десе де, әншінің бас тартуын тыңдармандары жақсы тәрбиеге балады.
Оқи отырыңыз:
Қайрат Нұртас Шымкентте Нюшамен қосылып ән айтты (видео)
Шымкентте “алтын” көлікпен той серуеніне шыққан Қайрат Нұртастың інісі (видео)
Қайрат Нұртас тыңдарманына сахналық киімін сыйға тартты (видео)
Қайрат Нұртас үнділерден ән ұрлап жүр ме
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған