Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатов жұбайының екіқабат екенін айтып қойды (видео)

Тұрсынбек Қабатовтың шаңырағында үлкен қуаныш. Танымал актер мен оның жұбайы Мөлдір бесінші перзенттерін күтіп жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тұрсынбек Қабатов жұбайының екіқабат екенін айтып қойды (видео)

Келіншегінің жүкті екенін Тұрсынбектің өзі айтып қойды.

“Мөлдір менің артымда жасырынып тұр, аяғы ауыр”, – деп құпияның шетін ашты Тұрсынбек.

Бұл сәтте жарымен суретке түспек болған Мөлдір Мұқанова: “Айтпа дедім ғой”, – деп күліп жіберді.
Желі қолданушылары жұпты құттықтап, “ұлды болыңыз” деп тілек білдірді.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың Адема, Айару, Айым, Нұриман атты үш қыз, бір ұлы бар.

Тұрсынбек Қабатов жұбайының екіқабат екенін айтып қойды (видео)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау