Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қызметінен кетуге өтініш берді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кету туралы өтініш берді. Бұл ақпаратты өңір әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Түркістан облысында зорландым деген жасөспірімнің оқиғасы: Шөкеев пікір білдірді

Баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс әкімі өтінішті 24 тамызда жазған.

13 шілдеде Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Маусым айында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев брифинг кезінде егер Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановтың кінәсі сотпен дәлелденсе, отставкаға кететінін мәлімдеген еді. 

Өмірзақ Шөкеев 1964 жылы ОҚО өңірінде дүниеге келген. Жоғары білімді, Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын "Экономист-математик" мамандығы бойынша тәмамдаған. МЭСИ аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын Қазақ ССР Мемлекеттік жоспары жанындағы АСПУ ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері болып бастаған. Түрлі жылдары ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңес берушісі болды, Президент аппараты мен министрлер кабинетінде қызмет істеді, әкімшілік жетекшісінің орынбасары болды, ОҚО облысының әкімі, ҚР экономика және сауда министрі, Премьер-министрдің орынбасары (макроэкономика, өндіріс, сауда, көлік, энергетика, ғылым, ТМД елдерімен байланыс салалары бойынша) лауазымдарын атқарды, "Банк Тұран-Әлем" ЖАҚ басқармасының төрағасы, Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып істеді.

  • 1998 – 2004 жылдары – Қостанай облысының әкімі;
  • 2006 – 2007 жылдары – Астана қаласының әкімі; ОҚО әкімі лауазымдарын атқарды.
  • 2007 – 2009 жылдары – Премьер-министрдің орынбасары;
  • 2009 – 2011 жылдары – Премьер-министрдің бірінші орынбасары.
  • 2011 жылдың желтоқсан айында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасының төрағасы болып, 2016 жылы осы лауазымға қайта сайланды.
  • 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі болып қызмет етті.
  • 2019 жылдың 26 ақпанынан бері Түркістан облысының әкімі лауазымында.
Талқылау