Түркістан облысында жүргізуші 3 833 теңге тұратын блендермен пара бермек болған
Фото: ЖИ
Түркістан облысында Молдова Республикасының азаматы полиция қызметкеріне пара бермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркістан облысының мамандандырылған тергеу сотында шетелдік азаматтың полиция қызметкеріне пара беруге әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.
Соттың мәліметінше, 2024 жылғы 25 қарашада полиция қызметкерлері армениялық нөмір тағылған Volvo S60 жүк көлігін тоқтатқан. Ол "Қауіпті жүргізуші – Қорғау" жүйесіне тіркелген болып шықты. Автокөлік иесінің 583 366 теңге көлемінде төленбеген айыппұлы бары анықталған.
Көлікті тоқтату кезінде жүргізуші полиция қызметкеріне 10 000 теңге көлемінде ақша мен құны 3 833 теңге тұратын “Bosch” маркалы асүй блендерін пара ретінде ұсынған.
Жүргізушінің әрекеті лауазымды тұлғаға пара беруге оқталу деп сараланды. Ол өз кінәсін толық мойындады.
“2025 жылғы 23 мамырда сот ер адамды кінәлі деп танып, оған пара сомасының 15 еселенген мөлшерінде – 155 621 теңге көлемінде айыппұл салды”, – делінген хабарламада.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
