AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жол апатынан 6 адам қаза болды

Түркістан облысында тас жолда болған апаттан алты адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Авария пешеход

16 қазанда сағат 19.14-те Шардара облыстық полиция бөлімінің 102 пультіне адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы барды. Келген бойда полиция Жетісай-Шардара тас жолының 172 шақырымында Opel көлігінің қарсы жолаққа шығып кетіп, Audi көлігімен бетпе-бет соқтығысқанын анықтады. Апат салдарынан екі жеңіл көліктің жүргізушілері мен 4 жолаушы, оның ішінде екі кәмелеттік жасқа толмаған бала оқиға орнында қаза тапты.

"Тағы алты адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді", – деді Түркістан облысының полиция департаменті өкілдері.

Бұл факт ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлімі (Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Облыстық ПД атап өткендей, оқиға болған жер мұқият зерттелгеннен кейін жедел-тергеу тобы жолда ешқандай заң бұзушылықтар жоқ екенін, жол қозғалысына қатысушыларға жақсы көрінетінін, жүргізушілерді ескертетін жол белгілері бар екенін анықтады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр