Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында үлкендердің қарауынсыз қалған екі бүлдіршін абайсызда қаза тапты

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында абайсызда екі бүлдіршін мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, жазатайым оқиғалар 29 сәуірде болған. 

"Мырзакент ауылында 2012 жылы дүниеге келген бала абайсызда "Достық" арнасына құлап, суға батып кеткен. Баланың денесін қайғылы жайтқа куә болғандар судан алып шыққан", - деді ведомствода.

Екінші оқиға Достық ауылында болды. Үйде үлкендердің қарауынсыз қалған 2 жасар сәби электр резеткісімен ойнап, тоқ соққан. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында көз жұмған.

Осыған оқиғаларға байланысты ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарға тағы да жүгінді. Олар алдағы уақытта мұндай қайғылы жайттар орын алмауы үшін азаматтарды балаларына қауіпсіздік негіздерін үйретуге және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға, барынша сақтық танытып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұрмыстық құрылғылар қосылатын резеткілерді жауып қоюға, балаларды қараусыз тоғанға, өзге су қоймаларына жібермеуге шақырды.
 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр