Түркістан облысында үй өртеніп, екі кішкентай бала көз жұмды
Түркістан облысында жеке үй өртеніп, 2007 және 2009 жылдары туған екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Сауран ауданы Бабайқорған ауылында болған. Ауданы 255 шаршы метр болатын екіқабатты үй өртенген.
Өрттің салдарынан ауданы 60 шаршы метр болатын бірінші қабаттың жабыны опырылып түскен.
"Оқиға орнынан 2007 және 2009 жылдары туған екі баланың мәйіті табылды", - деп хабарланды Түркістан облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"