AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жантүршігерлік апаттан волонтер қаза тапты

17 сәуір күні Түркістан облысында адам өліміне алып келген көлік апаты болды. Белгілі болғандай, каза тапқан жолаушы жануарлар құқығын қорғаумен айналысатын ерікті Гауһар Серік болып шықты. Қайғылы хабармен басқа еріктілер әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

волонтер

Алматы – Шымкент тас жолында жоғары жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар мінген минивэн жүк көлігімен соқтығысқан. Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі Шымкентке жақындай бергенде арақашықтықты сақтамай, жол апатына ұшыраған.



Гаухар Серік жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмса, жеңіл көліктің тағы алты жолаушысы мен жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр.

"Бұл үлкен қайғы. @hvostiki_i_my парақшасының волонтері Гаухар қайтыс болды. Өзі жас, өзі сұлу әрі ана, кең жүректі мейірімді жан. Жануарларды қорғау әлемі сезімтал жаннан айырылды. Бұл бәріміз үшін ортақ қаза. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", – деп жазды еріктілер.

Әйелдің артында үш жасар ұлы қалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр