Түркістан облысында алаяқ WhatsApp арқылы қаржы пирамидасын құрған
Түркістан облысында әйел "WhatsApp" арқылы қаржы пирамидасын құрған. Ол мессенджерде үш түрлі чат ашып, адамдардан 24 миллион теңге жинап алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Полицияда хабарлағандай, алаяқ "Асыл Инвест", "30% айналым", "Үш күнде 30%" деп аталатын үш чат ашқан. Адамдарды қаржылық пирамидаға қосқан әйел жылдам табыс табуға уәде берген. Алаяқтың сөзіне сенген салымшылар ақшаларын мобильді аударымдар арқылы жібергені анықталды. Осылайша әйел барлығы 25 адамды алдап соққан.
Полиция қызметкерлері күдіктіні тұтқындаған, бірақ сот оны кепілге босатты. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”