Түркістан облысында 4 адам газдан уланып, көз жұмды
Түркістан облысында ысты газға уланған төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылындағы жеке тұрғын үйде болған. Құтқарушыларға 28 қараша күні сағат 12:30 шамасында жергілікті тұрғын хабарласып, жеке тұрғын үйден 4 адамның денесі жатқанын айтқан. Көз жұмғандардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған бала бар.
"Үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған. Пеш қатты отынмен жұмыс істеуге арналған, табиғи газбен жылытуға қайта жабдықталған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген департамент хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша, 49, 47 жастағы ағайынды жігіттер, тұлғасы анықталмаған әйел және 3-4 жас шамасындағы ер бала көз жұмған.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды