Түркістан облысында 14 жастағы жеткіншек үйінен шығып, қайтып оралмаған
4 маусымда Жетісай ауданының жергілікті тұрғыны өзінің арызында 14 жастағы қызының жоғалғанын айтып Жетісай АПБ-ға арызданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол өз арызында 14 жасар қызы 04.06.2021 жылы түскі уақытта үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайтып оралмағанын жазып көрсеткен. Аталған жайт бірден Жетісай АПБ-мен тіркеуге алынды. Қазіргі таңда ЖПҚ УПИ-мен жасөспірім қызды тез арада табуға байланысты іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар Жетісай ауданының әкімшілігі қызметкерлерімен бірге мобильді топ құрылып, іздестіру жұмыстары жан-жақты іске асырылуда.
Осы тұста өңірлік полиция барлық тұрғындар мен қонақтардан жоғалған қызды табуға көмектесулерін сұрауда.
Қыздың үстінде ақ түсті футболка, қара джинсы шалбар және аяғында қара түсті аяқ киім киген. Қолында қара түсті "Самсунг Дж-2" маркалы ұялы телефоны болған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"